«Айбын — 2020» VІ республикалық әскери — патриоттық жастар жиынының ашылу салтанаты өтті, деп жазады Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі.
«Айбын» жиыны – бұл ұлттың қамы, болашақтың баянды болуының кепілі. Отанымыз – басты байлығымыз. Оны қорғау – әр азаматтың міндеті. Ел Президенті Қасымжомарт Тоқаев: «Жақсы дәстүрге айналған «Айбын» әскери — патриоттық жиыны – отаншыл жастарды адал қызмет етуге, ел қорғаны болуға тәрбиелейтін бірегей алаң» деп атап көрсетті.
Бүгінгі жиынның басты мақсаты — жастар арасында әскери — патриоттық жұмысты жетілдіру, Қазақстан Қарулы Күштерінің беделін көтеру және әскери қызметті насихаттау, салауатты өмір салтын ұстанып, туған жер мен Отанға деген жастардың патриоттық сезімін арттыру баспалдақтарына бағыттау еді.
«Айбын» жиынының ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімдігінен өкілдер мен қатар Шымкент қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы, қалалық білім басқармасы басшысы Жанат Арысбекқызы Тәжиева қатысты.
© DIDARBEK.kz