Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Руханият » КҮҢГІР-КҮҢГІР КҮМБЕЗДЕР …

КҮҢГІР-КҮҢГІР КҮМБЕЗДЕР …

Әдебиет — әсем дүние. Көңілді өсіріп, жаныңды тербетеді. Сол өнерді жасаушы талант иелері  ақын-жазушыларымыз. Қазақ әдебиетінің мәуелі мәдениеті мен көркем дүниесіне өз үлесін қосқан этнограф-ғалым, жазушы, филология ғылымының докторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, профессор Ақселеу Сейдімбек, әдебиет әлемінде сұңқардай самғап, ерекше тұлға екенін танытқан қайсар жазушының орны бөлек. Осы орайда, Шымқаладағы  80 мектеп-лицейде ұлы тұлғаға арнап «Күңгір-күңгір күмбездер» атты әдеби кеш өтті.

Әдеби кеште қаламгердің  өзіндік жазу мәнері, кейіпкерлер  бейнесінің сомдалуы, жазушылық шеберлігі жан-жақты ашылады. Ұлылықтың үлгісі болған жазушы Ақселеу  Сейдімбек — халқымыздың өр рухының, өнегелі салтының өрелі қалпынан аса көрнекті өкілі еді. Туған халқын, төл тарихын, салт-дәстүрін, тілі мен ділін жан тәнімен сүйіп, бойындағы тәңірі берген бар қабылет-дарыны мен қайрат-жігерін ұлт игілігіне арнаған үлкен парасат иесі еді. Қазақтың көне мәдениеті мен рухани шежіресін шырылдай жүріп жаңғыртып, қызғыштай жүрңп қорғай білді.

Шара арысында қаладағы №80 мектеп — лицейінің бастауыш сынып мұғалімі-кітапхана ісінің үздігі Жаманғараева Айжамал «Ұлтым деп соққан ұлы жүрек» атты баяндама жасап, кітап көрмесімен таныстырды. Осы мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Байдыбекова Алтынай жазушының қызықты әңгімелері мен хикаяттарына жеке тоқтала өтті. Ақселеу Сейдімбектің  «Қазақ әлемі», «Ұлы дала сермендері», «Қазақтың ауызша тарихы», «Қазақтың шежіресі», «Қазақтың фольклоры» т.б көптеген шығармалары бар.

Оның туындыларын оқырманның өзін іздейді. Ісшара соңында №80 мектеп-лицейінің оқу ісінің меңгерушісі Темиралиева Райхан белсенді қатысқан оқушыларға ризашылығын білдіріп, алғыс айтты. Ұлттың рухани шежіресін кең ауқымда зерттеген, сөз зергері Ақселеу Сейдімбектің есімі әрқашан биік.

Жаманғараева Айжамал,

№80 мектеп-лицейінің мұғалімі, Шымкент.

Пікір жазу