Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты 11 кітапхана бөлімшесінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ұлттық код, рухани құндылықтарымызды сақтау мақсатында «Асыл мұраларымыз—ұлттық ойындар» атты клубы ашылған.
Мақсаты, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, ғасырдан-ғасырға аманатталып келген ұлттық дәстүріміз бен ойындарымыздың тарихын білу, намысшыл, жігерлі жастарды тәрбиелеу.
Елімізде ұлттық ойынды дамыту, ойға-ой қосу арқылы өткенімізден сабақ алу,
ежелден келе жатқан тоғызқұмалақ, асық ойынын дамыту, ұлттық құндылықтардың бірі болып табылады.
Асық ойынында қазақтың барлық болмысы барын ұғынамыз. Тарқатып айтар болсақ, Шымкент қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығының «Денсаулық» аула клубының жетекшісі Баймахамбетов Серік, ұлттық асық ойынын жаңаша бағытта насихаттауда. Ол асық ойынын жаңа спорт түріне енгізіп, бүкіл әлемдік деңгейге көтеру мақсатында «Шертпе асықтан—Мерген ойыны» атты жобасына авторлық құқық алып, одан әрі дамытуда.
Бұл ойында «Төсеніш» алаңы бар. Ерекшеліктері ұлдар да, қыздар да ойнай алады. Төсеніш алаңын жерге де, стол үстіне де жайып ойнауға болады. Артықшылықтары, төсеніш алаңының ішіндегі сызбалар сандармен белгіленген. Ойнаушы сақамен асықты соққан кезде, сол сандар арқылы ұпайы беріліп отырады. Бұл жастарға өте қызық, әрі жылдам ойналатын ойын. Ойынның бірнеше «Алыс», «Ретпен», «Жекпе-жек», «Қақпа» атты қызықты бөлімдері бар. Ойын соңында жеңімпаздар анықталып отырады. Осылай жастардың ұлттық ойынға деген қызығушылықтары оянып, өз шеберліктерін дамытуда.
ОККЖ-нің 11 кітапхана бөлімшесінің меңгерушісі
Баймұханбетова Айжан