2020 жылдың қыркүйек айының 21-27 аралығында осы мемлекеттік қызмет түрлері бойынша 4 мың 321 азаматтың өтініштері қанағаттандырылды.
Оның ішінде 1575 өтініш Мемлекеттік корпорация арқылы, 2 мың 746 өтініш тікелей Көші-қон қызметі басқармасымен орындалды.
Олар:
— Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу 15 өтініш;
— ҚР азаматтарын тұрғылықты жерлері бойынша тіркеу – 1575 өтініш;
— Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәліктері мен төлқұжаттарын ресімдеу және беру – 2253 өтініш;
— Еңбек иммигранттарына жұмыс істеуге рұқсаттар беру және бұрын берілген рұқсаттарды созу – 217 өтініш;
— Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тiркеу — 64 өтініш;
— Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру – 28 өтініш;
— Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу – 19 өтініш;
— Босқын мәртебесін беру немесе созу –14 өтініш;
— Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру 88 өтініш;
— Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ азаматтарға Виза беру және оларды созу -42 өтініш;
— Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу — 6 өтініш.
Жалпы Шымкент қалалық Полиция департаментінің Көші-қон қызметі саласы бойынша азаматтарға 16 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетілуде.
© DIDARBEK.kz