1990 жылы Бас Ассамблея 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын.
Осыған орай, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және және «Jas Otan» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының ұйытқы болуымен «Халықаралық қарттар күніне» орай «Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жобасы аясында «КАРАНТИНДЕГІ ҚЫЗЫҚТАР» атты қарттарға арналған қойылымдық бағдарламасы ұйымдастырылды.
Басты мақсаты — аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғызбасты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болатын. Осы ретте қаламыздағы кәсіпкерлер мен «13 Region» тасымалдау қызметі» демеушілік жасаған бүгінгі іс-шара барысында «Шаншар» әзіл-ысқақ театрының қойылымдық бағдарламасы көрсетіліп, қарттарға арнайы кофе-брейк әзірленіп, арнайы сыйлықтар үлестірілді.
Аталмыш іс-шараға «Жастар ресурстық орталығы» басшысы Е. Айтбаев, «Jas Otan» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының төрағасы М. Исахов, театрдың көркемдік жетекшісі М. Айтжанұлы, 50-ге жуық жалғызбасты қарт кісілер, волонтерлық ұйымдардың жетекшілері мен кәсіпкерлер қатысты.
© DIDARBEK.kz