Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » АБАЙ САПАРЫНАН АЛҒАН ӘСЕРІМЕН БӨЛІСТІ

АБАЙ САПАРЫНАН АЛҒАН ӘСЕРІМЕН БӨЛІСТІ

«Серпіліс» қоғамдық ұйымының бастамасымен құрылған ерікті топ (21 адам) ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Семей қаласына сапар шекті. Топ құрамында болған Шымкент қаласы бойынша Рухани жаңғыру штабының жетекшісі Зауре Оралбаева орталық қызметкерлеріне Абай сапарынан алған әсерімен бөлісті.

Жидебайға барар жолда ұлы Абайды әлемге танытқан заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің туған жері Бөріліге барғанын айтты.

«Абай-Шәкәрім» кесенесі алыстан менмұндалап көрінетін зәулім сәулет кешеніне айналғанын баяндап, фотосуреттерін көрсетті.


Сонымен қатар, сол маңда Абайдың әжесі Зере мен анасы Ұлжан, ағасы Құдайбердінің зираты орналасқан екен.

Хәкім Абайдың тіршілігінде қолданған тұрмыстық заттары, жұмыс үстелі, отбасылық жәдігерлері «Абай мұражайында» жинақталғанын айтты. «Абай ауылы. Жидебай. Алған әсерді айтуға сөз жетпейді, барып көру керек» — деп алған әсерімен бөлісті.

Айта кетейік, құрамында Шымкент қаласы және Түркістан облысынан мәдениет саласының қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, Рухани жаңғыру жобалық кеңсесінің өкілдері, журналистер мен блогерлер бар саяхатшылар Ұлы Абай еліне саяхатқа арып қайтқан болатын.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу