Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ӘЛЕМГЕ ӘЙГІЛІ ҰЛЫ ҒАЛЫМ

ӘЛЕМГЕ ӘЙГІЛІ ҰЛЫ ҒАЛЫМ

Абай атындағы ОККЖ-не қарасты №13 кітапхана бөлімшесі Президент Жолдауындағы «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы мен Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласындағы негізгі мақсат-міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ұлы ғұламалардың бірегейі, екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойының қарсаңында « Әлемге әйгілі ұлы ғалым» атты тақырыпта №43 жалпы орта мектебінде кітап көрмесін ұйымдастырды.

2020 жылы ұлы ойшыл, шығыстың Аристотелі атанған, атақты жерлесіміз Әбу-Насыр ал-Фарабидің туғанына 1150 жыл толады. Әбу Насыр ал-Фараби бабамыз 870 жылы сол кезде дүние жүзіндегі ірі қалалардың бірі болған Отырарда дүниеге келді. Әл-Фарабидің ілім-білімге деген алғашқы ынтасы ғылыми ойының алғашқы ұшқындары туған жері Отырарда, оның тамаша кітапханасында пайда болды. Кейінен ол Шаш, Самарқан, Бұқара, Хорасан, Бағдат, Дамшық, Каир қалаларына барып білімін тереңдете түсті.950 жылы Дамшық қаласында дүниеден озды.

«Ұлы даланың ұлағатты тұлғасы» атты тақырыпта баяндама жасаған кітапханашы Искакова Гүлмира: «Әл-Фараби Аристотельден кейінгі дүние жүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым, астрономик, ғалым астрономик, астрология, медицина, табиғаттану, соцмология, лингвистика, поэзия, риторика, философия ғылымдарын меңгеріп 200-ге жуық трактаттар жазған. Өкінішке орай осынау ұшан теңіз рухани туындылардың көбісі жоғалып, біздің заманымызға тек 40 шақты еңбегі ғана жеткен,- деп шығармашылығына тоқталып өтті.

№43 жалпы орта мектебінің кітапханашысы Умбарова Индира: «Әл-Фараби – қазақ халқының ғана емес, бүкіл әлемдік өркениеттің рухани игілігі,ислам және әлем  философиясының жарық жұлдызы. Әбу-насыр әл-Фараби сияқты ірі тұлғаның өмірі жайында жаңадан табылған жазба деректер де жоқтың қасы. Әбу-Насыр ал-Фарабидің мұрасын жан-жақты, жоспарды түрде іздестестіру, жинастыру,зерттеу және оны ғылыми-философиялық дүниетанымын зерделеуге кез келген ғалым-философтардың қарым-қабілет, ой дастаны жете бермесі анық»,- деп ойшыл ғұлама, заманымыздың Аристотелі, жерлесіміз Әбу Насыр ал-Фараби құндылықтарына деген құрметі жайлы айтып өтті.

№43 жалпы орта мектебінің оқушылары Саттарқызы Жанеля, Искаков Амир де өз ойларын ортаға салды. Кітап көрмесіне шолу жасалды.

№43 жалпы орта мектебінің бастауыш мектептің меңгерушісі Жылқайдарова Балжан жыл бойы алдағы уақытта да осындай кештер жалғасын табатынын айтып, кешті қорытындылады.

 

Гүлназым ЕМҚҰЛОВА,

ОККЖ-не қарасты №13 кітапхана

бөлімшесінің меңгерушісі.

 

Пікір жазу