Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты 11 кітапхана бөлімшесінде Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында, Қарттар күніне орай «Атадан өсиет-анадан қасиет» атты сырласу кеші өтті. Мақсаты жастарға ерен еңбегімен, әділ талабымен, жеткен жетістіктерімен, бейнет еткен қарт оқырманымыз Бейсебаев Жақсылық атамен таныстыру.
Бейсебаев Жақсылық 1940 жылы Түркістан облысы, Қазығұрт ауылында дүниеген келген. Жастайынан еңбекке, оқуға талпынып өскен тұлға. Соғыс жылдарынан соң, ауылда оқып хат танып, ауыл-шаруашылығындағы бірқатар еңбектерге араласып, өз маңдай терімен, адал еңбегімен көптеген жетістіктерге жеткен. Сол уақыттың өзінде жұмыстан қолы қалт еткенде, кітапханаға барып, шетел, орыс жазушыларының әдебиеттерін алып оқып, бірқатарының өлеңдерін жатқа білген. Жастармен болған сырласуда Бейсебаев Жақсылық өзінің өмірінен естеліктер айтты. Тағылымға толы кездесуде оқырмандар сауалына жауап беріп, жастарға халқына адал еңбек етудің адамдық борыш екенін айтып, өмкелең ұрпақты білім алуға шақырды.
ОККЖ-нің 11 кітапхана меңгерушісі Баймұханбетова Айжан