№16 кітапхана бөлімшесі Алтын Орда-750 жылдығына орай онлайн режимінде тарихи сағат өткізді. Тарихи сағатты кітапханашы Нурила Кенжебек тікелей эфирде фейсбук желісінде өткізді.
Алтын Орда – Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы мемлекеттердің бірі. Жошы ханның баласы Бату ханның кезінде Орда Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі ұлан-ғайыр жерді алып жатқан үлкен мемлекеттің орталығы алғашында Еділ бойындағы Сарай-Батуда болса, кейін Сарай-Беркеге көшірілген. 1227-1502 жылдар аралығында, үш жүз жылға жуық салтанат құрған сәулетті-сәулелі қағанат тарих көшінде Қазақ хандығының билігіне ұласа отырып, табиғи-тарихи тұрғыда мұрагерлік құқығын иемденгені туралы айтып кетті.
Алтын Орданы қазақ мемлекеті ретінде мойындау керек. Қазақ мемлекетінің бастауы. Қазақ хандығы – Алтын Орданың мұрагері екендігі туралы мәлімет берді.
«Ұлы ханның үлкен ұлы – Жошының мазары қазақ жерінде тұрғанын бүгінде еліміздегі және шетелдегі жұртшылықтың көбі біле бермейді. Ата-бабалардың аманатына адал болу – бізге сын. Сондықтан біз Алтын орданың негізін қалаған Жошы ханның есімін ұлықтауды міндетті түрде қолға алуымыз қажет. Оның тарихи тұлғасына әлемнің назарын аударып, кесенесін мәдени туризм нысанына айналдыру – өте маңызды міндет. Бұл жұмыстар Алтын орданың 750 жылдығын мерекелеу аясында басталуы қажет», деп Призидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзімен қортындылады.
©Өз тілшімізден