Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » МАММОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

МАММОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Шымкентте алғаш рет заманауи жабдықталған маммологиялық орталық ашылды. Бүгінде әйел арасында сүт безінің қатерлі ісігі бойынша Шымкент көш басында тұр. Мамандардың айтуынша пандемия кезінде бұл сырқат түрі тым асқынып кеткен. Бүгінде қала бойынша онкологиялық аурулар есебінде 6500 адам тұр. Бұл туралы «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Д.Өмірзақтың материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz хабарлайды.

Мекеме көлемі миллиметрдей ғана ісіктің өзін анықтай алатын томосинтез аппаратымен жабдықталған. Бұл құрылғы сүт безінің қатерлі ісігін диагностикалаудың инновациялық тәсілі. Оның стандартты 2d маммографиядан айырмашылығы – сүт безінің қатерлі ісігін ерте анықтап, пациенттің өмірін сақтап қалуға ықпалын тигізеді. Бұдан бөлек,  бірқатар жұқа қабатты суреттерді әр қырынан түсіруге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік жекеменшік әріптестік негізінде бой көтерген ғимаратта 40 пен 70 жас аралығындағы әйелдер тегін скринингтен өтуге мүмкіндігі бар. Қала бойынша 14 момологиялық орталық болса, скринингтік зерттеу жүргізетін мекеме Қазақстанда үшеу -ақ.

Соңғы 25 жылда әйелдер арасында маммологиялық аурулар саны артқан. Бұл нәзікжандылардың сырқатқа салғырт қарауының салдарынан, дейді мамандар. Мекемеде маммологиялық және пластикалық хирургиямен қоса басқа да онкологиялық қызметтер көрсетіледі.

                       © DIDARBEK.kz

                                   

Пікір жазу