Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Құрметті шымкенттіктер, көлік жүргізушілері!

Шымкент қаласының көлік инфрақұрылымын дамыту жоспарына сәйкес, қаладағы кептелісті ретке келтіру мақсатында Рысқұлов – Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы 15 қазанда басталады. 

1-кезең бойынша, (15.10.2020ж. – 31.12.2020 ж): Қонаев көшесінің шығысы, Рысқұлов көшесінің оңтүстігі. Қонаев көшесінің шығысы Роял клубы тұсынан Рысқұлов көшесі аралығы жабылып, көлік қозғалысы Қонаев көшесінің батысындағы 4 жолақта 2 бағытты қарама-қарсы қозғалыс ұйымдастырылады. Сонымен қатар, Дулати және Қазыбек би көшелеріне (Рысқұлов көшесі мен Тәуке хан даңғылы аралығы) бір бағытты қозғалыс ретінде ұйымдастырылады.

2-кезең бойынша, (15.01.2021ж.- 01.07.2021ж): Қонаев көшесінде құрылыс жұмыстарын жүргізу: Яғни, екінші кезеңде жол жабынын бұзу, газ құбырын жылжыту, ауыстыру, жерасты байланыс желілерін ауыстыру, су құбырын жылжыту, ауыстыру, тоннелді қазу жұмыстары атқарылады.
Қонаев даңғылы Роял клубы тұсынан Рысқұлов көшесіне дейін және Бәйдібек би даңғылы Рысқұлов көшесінен Дулати көшесіне дейін жабылады. Бұл аралықта тұтастай құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Рысқұлов көшесі әдеттегідей ашық болады. Осыған қосымша, Баян ауыл көшесіне Бәйдібек би даңғылынан Рысқұлов көшесіне дейін бір бағытты қозғалыс ұйымдастырылады.

3-кезең бойынша, (01.07.2021ж.-31.12.2021ж.): Рысқұлов көшесінде құрылыс жұмыстарын жүргізу, Яғни, жол жабынын бұзу, 2 жол өткелінің (путепровод) құрылысы, жер қазу жұмыстары, свай орнату, тіреу қабырғаларын бетондау (подпорные стены), арықтар салу және жол жабынын салу жұмыстары атқарылады.
Рысқұлов көшесінде жол қозғалысы толықтай жабылмайды. Жартылай жабу әдісімен ұйымдастырылады. Яғни, Рысқұлов көшесі бойында қарама қарсы бағыттағы көлік қозғалысы жұмыс істейді.

Бірақ, ең ауқымды жұмыстар Қонаев көшесінде болғандықтан Қонаев даңғылы Роял клубы тұсынан Рысқұлов көшесіне дейін және Бәйдібек би даңғылы Рысқұлов көшесінен Дулати көшесіне дейін жабық болады.

 

Пікір жазу