Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » «Парасатты отбасы» онлайн байқауының Ережесі

«Парасатты отбасы» онлайн байқауының Ережесі

«Парасатты отбасы» онлайн байқауының

Ережесі

1.Жалпы ереже

 1.1 Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша  департаменті және қалалық білім басқармасы Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасылық қатынастарды қалыптастыру және нығайту, заманауи талаптарда парасатты тұлғаны дамыту мақсатында «Парасатты  отбасы» онлайн байқауын (бұдан әрі – байқау) өткізеді.

1.2  Қалалық байқауға парасатты, қоғамда белсенді, ізденімпаз оқушылар мен  студенттер өз жанұясымен қатыса алады.

2.Байқауға қатысу шарттары

 2.1. Байқауға Шымкент қаласының әртүрлі қызмет саласында жұмыс атқаратын отбасылар қатыса алады.

2.2. Байқауға қатысушы отбасылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен азаматтық ұстанымдарына назар аударылады.

2.3. Қатысушылар әлеуметтік желілерде парасаттылық, адамгершілік үлгілерін көрсететін 4-5 минуттық сапасы жоғары ролик дайындайды. Аталған роликті әлеуметтік желілерде ортақ хэштегпен (#parasattyotbasy17) тегтеп орналастырады.

3.Байқауды өткізу тәртібі

3.1. Байқаудың ережесі өңірлік бұқаралық ақпарат беттерінде жарияланады.

3.2. Байқауға қатысушылардың өтінімдері мен ұсынылған роликтері төмендегі критерийлерге сәйкес болуы керек:

1) роликтің ішкі мазмұнының тақырыпқа сәйкес  болуы;

2) роликтің негізгі идеясының ерекшелігі;

3) такырыптың негізгі идеясын аша білуі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы үлесі.

3.3. Байқауға қатысатын жұмыстар мен үлгіге сай өтінімдер (1-қосымша) қалалық білім басқармасының электрондық поштасына 2020 жылдың
28 қазанына дейін жолданады (Meru.medetbekova@mail.ru).

3.4. Қорытындылау кезеңінде қазылар алқасы үздік деп таныған отбасылар анықталады (1 орын, 2 орын, 3 орын) және құнды сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар, жүлделі орындарға ілікпей қалған отбасылар арасынан
«Үздік оқырман отбасы», «Зейінді отбасы», «Көптілді отбасы», «Шеберлер отбасы», «Өнерлі отбасы», «Жомарт отбасы», «Саяхатшы отбасы», «Өндірістегі үздік отбасы», «Дәстүрге берік отбасы»
номинациялары бойынша таңдалып, алғыс хаттармен марапатталады.

 

1-қосымша

«Парасатты отбасы»

онлайн байқауына қатысуға өтінім

1 Қала атауы  
2 Білім беру ұйымының атауы  
3 Оқушының Т.А.Ә.  
4 Ата-ананың Т.А.Ә.  
5 Байланыс телефондары  
6 Қатысушылар саны  

 

 

 

Пікір жазу