Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ҚАРАЖАТ ӨНДІРІЛДІ

ҚАРАЖАТ ӨНДІРІЛДІ

Салықтық төлемдерін өндіру бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті, қалалық мемлекеттік кірістер департаменті және Өңірлік жеке сот орындаушылары палатасы арасында ынтықмақтастық меморандумы түзілген.

Аталған меморандумға сәйкес жұмысшы топ құрылып, қала аумағында жылжымалы бекеттерде салық төлеуден жалтарып жүрген тұлғалар бойынша рейдтік іс-шара атқарылуда.

22.10.2020 жылы іс-шара барысында жалпы 253 жеке тұлғалардың автокөліктері тоқтатылып тексерілді. Оның ішінде 14 автокөлік айыптұраққа жеткізілмей берешектері өз орнында өндіріліп, айыптұраққа автокөлік қойылмады.

«Жалпы іс-шара басталғалы 12 млн 820 мың 232 теңге жеке тұлғалардың берешегі мемлекет бюджетіне өндірілді. Ал 22.10.2020 жылы 1 млн 475 мың 835 теңге жеке тұлғалардың берегеші мемлекет қазынасына өндірілді»- дейді, Шымкент ҚПД ӘПБ әкімшілік практика бөлімінің аға инспекторы полиция подполковнигі Апентаев Мақсат.

@DIDARBEK.KZ

 

Пікір жазу