Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруды тапсырды.

Осы ретте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы және республикалық ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісі Ырза Тұрсынзада мегаполиске арнайы сапармен келіп, бірқатар ұжымдармен және тұрғындармен кездесу өткізді.

Кезекті кездесу қалалық полиция департаментінің жеке құрамымен ұйымдастырылды.

Шараға Агенттіктің өкілі Ғ.Асанұлы, Штаб басшысы Ы.Тұрсынзада,Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Жұмағали және Полиция департаментінің басшысы Е.Жұмаханбетов қатысты.

Штабтың негізгі міндеттері халық арасында, құқық қорғау және мемлекеттік органдарда, сондай-ақ жас буын арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бойынша кең ақпарат тарату екендігін Ырза Тұрсынзада жеке құрамға жеткізді. Адамның өмірін құтқарып, елде бейбітшілік орнатуға жауапты қызметкерлер елге адал қызмет ету қажеттігін айта келе, Штаб жетекшісі отбасын, болашағын ойлайтын кез келген азамат, әр кездесуден қорытынды шығарып, жемқорлыққа жол бермейтіндігіне сенімді екенін жеткізді.

Сонымен қатар, шарада Агенттік тарапынан жүзеге асырылып отырған жобалар да айтылды. Аталған жобалармен таныстырған Ғ.Асанұлы алдын алу жұмыстарымен қатар, сыбайлас жемқорлық қылмыстарына да тоқталды.

Кездесу соңында Полиция департаменті басшылығы жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүзеге асырылып отырған жұмыстармен таныстырып, қонақтарға алғыстарын жеткізді.

Сондай-ақ, жиынды қорытындылай келе қатысушылар «Жаяудың шаңы, жалғыздың үні шықпайтыны» сияқты сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда бірлесе жұмыс жасауға, елге адал қызмет етіп, ары мен абыройын биік ұстауға шақырылды.

#dp_shymkent #polisiakz #qriim_mvdrk #police_shymkent #департаментполициигородашымкент #шымкентқаласыныңполициядепартаменті

@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу