«Ұлы даланың алып жаршысы» тақырыбында қалалық жасөспірімдер кітапханасының «Парасат жолы» орталығында қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай байқау ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты — жыр алыбы Жамбылдың шығармалары арқылы адамгершілікке, парасаттылыққа, елінің өнерін сүюге тәрбиелеу, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру, жастардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру болып табылады.
Шараға Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университетінің «Рухани жаңғыру» бөлімінің меңгерушісі, ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Қ.Анарбаев, ақын, журналист А.Наурыз, филолог, қазақ әдебиеті ғылым магистрі Ж.Оразалиева, қалалық жасөспірімдер кітапханасының директоры З.Парымбекова, «Экология, өлкетану және туризм орталығы» тәрбиеленушілері қатысты.
Байқау ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан, Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы жайында викториналық сұрақтарға жауап беруден және сазды бағдарламадан тұрды.
11 оқушы қатысқан байқауда, ІІІ-орынды қалалық №24 мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы Оралбек Бақжан, ІІ-орынды №18 жалпы орта білім беретін мектебінің 6 сынып оқушысы Мұратбаева Дана, жүлделі орынды №63 жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Асан Ақниет иеленді.
@DIDARBEK.KZ