Бүгінгі күні короновирустық инфекцияны емдеу үшін дәрілік заттардың екі айлық қоры қалыптастырылып, ол бірыңғай дистрибьютордың хабтарында сақталуда.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, қоғам белсенділері қамтылған Жұмысшы топ «СК-Фармация» қоймасына арнайы барып, коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған дәрілік заттардың болуына мониторинг барысында айтылды.
Басты мақсат – қаланың коронавирустық инфекциямен күреске дайындығын барынша пысықтау болып табылады.
Мониторингтік жұмысшы топтың қойманың жұмысымен танысу барысында қалада бірыңғай дистрибьютор арқылы 50 медициналық ұйым қамтамасыз етілетіндігі айтылды. Медициналық ұйымдардың атына дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды жөнелту хабтан Шымкент қаласынан жүзеге асырылады.
Шымкент хабына медициналық бұйымдар жеткізушілерден жеткізу кестесіне сәйкес апта сайын жүргізіледі.
СК-Фармация өкілдерінің айтуынша Шымкент қаласындағы хабқа 1,237 млрд. теңге сомасына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар келген.
Қоймадағы дәрі-дәрмектер бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік емханалар мен ауруханаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі негізінде таратылатыны белгілі болды.
Айта кетейік, Жұмысшы топпен тұрақты түрде қаладағы медициналық ұйымдар мен дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бағасына мониторинг жүргізіп, дәрі-дәрмектердің шекті бағасы көрсетілген QR-коды бар афишалар ілуде.
@DIDARBEK.KZ