Ел Тəуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркістандағы №3-ші облыстық олимпиадалық спорт мектебіде үстел теннисінен ашық біріншілік басталды, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDIARBEK.KZ ақпараттық агенттігі.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған жарысқа спорт ардагерлері мен спортшылар қатысты. Сайысты ашқан Түркістан облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев спортшыларға сәттілік тіледі.
Шадияр Қондыбаев жетекшілік ететін облыстық №3-ші олимпиадалық спорт мектебінің ұйымдастыруымен үстел теннисінен өткен байрақты бәсекеге үздіктер қатысты. Үстел теннисінен Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазы, спорт ардагері Үмбет Жүсіпбаев өз тәжірибесімен бөлісіп, жастарға жетістікке жетудің сырын жеткізді.
Сайысқа облыс бойынша 7 ауданнан 150-ге тарта спортшы қатысып, өзара бақ сынауда. Төлеби, Сарыағаш, Сайрам, Түлкібас аудандары мен Шымкент, Түркістан, Кентау, Жетісай қалаларының талантты спортшылары үстел теннисінен бас жүлдені сарапқа салады. Жарыс барысында карантин талаптары сақталған. Үстел теннисі Түркістан облысында қарқынды дамуда.
@DIDIARBEK.KZ