Түркістан облысы әкімі аппаратында «ISO 37001: «Парақорлық пен күрес менеджменті жүйесі» халықаралық стандартын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметін квазимемлекеттік сектор қызметіне енгізу» тақырыбында семинар — тренинг ұйымдастырылды, деп жазады
облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі.
Оған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерттеу орталығының, мүдделі мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор мен кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері қатысты.
Отырыс барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерттеу орталығының сарапшысы Айбек Қабылдин «ISO 37001: сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі» және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі мен стандартының маңызын түсіндірді.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай комплаенсты әсіресе кәсіпкерлік салаға енгізудің қажеттігіне ерекше назар аударды.
@DIDARBEK.KZ