Қазақстан Республикасының Президентінің 29 желтоқсан 2015 жылғы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес елімізде жергілікті атқарушы органдарында Әдеп жөніндегі уәкілдер өз қызметтерін жүзеге асыруда.
Түркістан облысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың Әдеп жөніндегі уәкілі болып тағайындалған Мақсат Шамансұрұлы Исаев бүгін Отырар ауданына арнайы іссапармен келіп, мемлекеттік қызметшілермен кездесті.
Алдымен Шілік, Ақтөбе, Темір, Шілік ауыл округі әкімі аппараттарының қызметкерлерімен жүздескен Мақсат Шамансұрұлы Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру және оны бұзушылықтардың алдын алу бойынша келелі ой қозғады.
Ашық пікір алмасу арқылы өткен кездесулерде мемлекеттік қызметшілер өздерінің толғандырып жүрген мәселелерін ортаға салып, тұшымды жауап ала алды.
Түс ауа аудан әкімдігі жанынан ашылған «Халықтық кеңсе» жұмысымен танысқан Әдеп жөніндегі уәкіл тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, бизнес процестерді оңтайландыру, әкімшілік кедергілерді азайту, сыбайлас жемқорлық көріністерін азайту, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды оң бағалады. «Халықтық кеңседе» тұрғындар игілігі үшін электронды кезек беру жүйесі орнатылып, жалпы 55 мемлекеттік қызмет көрсет
Мұнан соң Мақсат Исаев аудан әкімі аппаратының және дербес бөлімдердегі мемлекеттік қызметшілермен кездесіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аудан әкімінің төрағалығымен өткен жиында аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Айдос Мәулен баяндама жасап, 2020 жылы атқарған жұмыстарының барысына тоқталып өтті.
Әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген негізгі бағыттарының бірі –мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп нормаларының сақталуын насихаттау, түсіндіру және жоспарлы міндеттерді жүзеге асыру болып табылатындығы белгілі. 2020 жылы ауданда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасымен бекітілген «Рухани жаңғыру» «Өзіңнен баста» бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі 13 ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жергілікті «Отырар алқабы» газетінде 6 мақала жарық көрді.
Келесі кезекте сөз алған Мақсат Исаев «Мемлекеттік қызметші өзінің жүріс – тұрысымен, халқына адал да абыройлы болуды басты парызым деп есептеу қажет. Мемлекеттік қызметшінің моральдік бет-бейнесі мен этикасына айрықша көңіл бөлінетіндігін атап өткен жөн. Негізінен мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытынан бос уақыттарында да Әдеп кодексін қатаң ұстауы міндетті. Демек қызметкер барынша сыпайы, өзінің лауазымдық артықшылығын жеке басының пайдасы үшін қолданбайтын адал, кез-келген сәтте сабырлы, ұқыпты болғаны абзал» деп, халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға шақырды.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов арнайы келіп, мемлекеттік қызметшілерге ақыл-кеңесін берген әдеп жөніндегі уәкілге жиынға қатысушылар атынан алғысын білдірді.
@DIDARBEK.KZ