Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ИРРИГАЦИЯЛЫҚ КАНАЛДАР САЛЫНУДА

ИРРИГАЦИЯЛЫҚ КАНАЛДАР САЛЫНУДА

Түркістан қаласында микроклиматты өзгерту мақсатында ирригациялық каналдар салынуда, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі.
Қаланың микроклиматын өзгерту және қала ішін суландыру жүйелерін жүргізу үшін ирригациялық каналдар салу жоспарланған болатын.
Осы мақсатта, қаладағы Қазыбек би көшесі мен Бекзат Саттарханов даңғылы аралығындағы елу көшенің (47,1 шақырым) ішкі орам суларын қамтамасыз ету үшін (лоток салу) құрылыс жұмыстары басталды. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстарымен 2 мекеме айналысып жатыр. Одан өзге, жұмысты ширатып, алдағы маусымға әзір болып, жазда су жіберу үшін тағы мердігер мекемемен келісім-шарт түзілуде.
Сондай-ақ, 1,3 шқ құрайтын қалалық емхана мен Яссы көшесі аумағындағы Р-32 А ирригациялық арығы мердігер мекеме «Өмір жолы» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Онда 600 метр арық орнатылып, жұмыс 46,1 пайызға орындалған. Ал, №19 мектеп пен Шекті Тілеу, яғни Арыс — Түркістан каналынан қамтитын Р-32-2 ирригациялық арығының құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталған.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу