Оңтүстікте алғаш рет ұйымдастырылған еңбекші жастар спартакиадасы өз мәресіне жетті!
Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен Төлеби ауданы Леңгер қаласының орталық стадионында облыстың ірі 9 кәсіпорындарында жұмыс жасайтын жастар командаларының қатысумен «Еңбекші жастар – болашаққа жол бастар!» облыстық спартакиадасы өтті.
Мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында дене шынықтыру және спорттың бұқаралығын дамыту, жұмысшы мамандықтарлы насихаттау, еңбек жастары арасында достық қарым қатынасты нығайту.
Кіші футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, суда жүзу, тағы сондай сияқты номинациялары бойынша ұйымдастырылған облыстық спартакиадаға 18-29 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, ірі өндіріс орындары мен кәсіпорындарда жұмыс жасайтын жастардан құралған 9 команда қатысты.
Спартакиада қорытындысы бойынша өздерін үздік көрсеткен командалар бағалы марапаттар, дипломдар мен құрмет грамоталарын иеленді.