Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ҰЗАРТЫЛАДЫ

ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ҰЗАРТЫЛАДЫ

Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №2 Қаулысына сәйкес, қала аумағында карантин және шектеу шаралары ұзартылады.
Атап айтқанда, адамдардың көп жиналуына байланысты кез келген жиындарды, сондай-ақ, отбасылық, естелік ic-шараларды өткізуге (еске алу, туған күндер, мерейтойлар, шығарып салу, кудалық той, беташар және басқа);
Азық-түлік гипермаркеттері, супермаркеттер, шағын маркеттер, үй жанындағы дүкендер қызметі сағат 09.00-23.00-ге дейін;
Алып кету және жеткізіп беру режиміндегі қоғамдық тамақтану объектілерін қоспағанда, қоғамдық тамактану объектілерінің қызметі жұмыс күндері және сенбі күні сағат 09.00-23.00-ге дейін,
жексенбі және мереке күндері 09.00-18.00-ге дейін;
Азық-түлік және азық-түлік емес ашық және жабық базарлардың қызметі жұмыс күндері 09.00-19.00-ге дейін, демалыс күндері және мереке күндері 09.00-17.00-ге дейін;
Сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметі ондағы орналасқан дәріханаларды, азық-түлік өнімдері мен бірінші кезекте кажетті заттарды сату жөніндегі супермаркеттерді қоспағанда, жұмыс күндері және сенбі күні 09.00-21.00-ге дейін, жексенбі және мереке күндері 09.00-18.00-ге дейін;
Сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА-орталықтардың, косметологиялық қызмет керсететін объектілер қызметі 09.00- 21.00-ге дейін;
Моншалар мен сауналардың қызметі 10.00-21.00-ге дейін шектеледі.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу