Түркістан қаласында коронавирусқа қарсы «SPUTNIK V» екпесімен ерікті түрде вакцинациялау жұмыстары бастау алды.
«Отырар» ықшамауданындағы Түркістан қалалық емханасында алғаш болып медицина қызметкерлері екпе салдыруда. Жалпы, шаhар бойынша 1404 ақ халатты абзал жан болса, олардың бүгін, яғни, бір тәулік ішінде 50-ін, ал бір аптада 250 қызметкерді вакцинациялау жоспарланған. Аталған жұмыстар азаматтардың ерікті түрде рұқсатымен салынады.
Қазіргі таңда 10 адамға екпе егілді. Егу жұмыстары кешкі 17:00-ге дейін жалғасатын болады. Жалпы, қалада орналасқан 6 медициналық мекеме, яғни Түркістан қалалық орталық ауруханасы, №3 Облыстық перинаталдық орталық, қалалық балалар ауруханасы, жедел — жәрдем бөлімі т.б ішкі инфекциялық бөлімше мамандары белсенді қатысып жатыр.
Айта кетейік, аталған вакцинация — екпенің жөнелтілу жиілігіне байланысты кезегімен медицина, мемлекеттік қызмет, білім және басқа сала қызметкерлеріне салынатын болады.
Өзіңіздің және жақыныңыздың денсаулығы үшін қоғамдық орындарда сақтық шараларын сақтап, әлеуметтік қашықтық пен медициналық бетперде тағып жүрулеріңізді сұраймыз!
@DIDARBEK.KZ