Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ОҢТҮСТІКТЕГІ ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІ

ОҢТҮСТІКТЕГІ ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІ

«Тіл – кез келген ұлттың болмыс-бітімін даралайтын асыл қазынасы және ұлттық ерекшелігін көрсететін ең маңызды құндылық. Қазақстанда тұратын этностардың тілдеріне құрмет көрсету, олардың ана тілі мен төл мәдениетін дамытуына жағдай жасау – мемлекетіміздің маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі. Республика бойынша халық саны жағынан да, түрлі этностың басым шоғырлануымен де бірінші тұратын және тілі мен салт-дәстүрдің сақталуымен ерекшеленетін өлкенің бірі де осы – Оңтүстік», – деді әкім.

Шараға қатысушылар да Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы ұлттық біргейлікті сақтау, үш тілде білім беру, ұлттық қод және қазақ тілін латын графикасына көшіру сынды байыпты бастамаларын қолдап, этностардың тілі мен төл мәдениетін сақтай отырып, барша қазақстандықтарды біріктіруші мемлекеттік тілдің алар орны ерек екенін атап өтті.

Салтанатты шарада қазақстандықтардың берекелі бірлігін дәріптейтін «Ынтымақ» поэтикалық композициясы сахналанып, этномәдени бірлестіктердің жанындағы шығармашылық ұжымдар дайындаған концерттік бағдарлама мен қазақ тілінің қарпін латын графикасына көшіру туралы хореографиялық композициясы көпшіліктің назарына ұсынылды.

Өз тілшімізден

Пікір жазу