«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Шымкент қаласында «Шымкент-Тараз», «Шымкент-Қызылорда» автомобиль жолы учаскесінде қауіпсіз жүйені енгізу бойынша қоғамдық тыңдау өткізді.
Көптеген дамыған және дамушы елдерде автомобиль жолдарына ақылы жүйені енгізу тәжірибесі бар. Көп жылдық тәжірибе ақылы жүйе енгізілген жолдардың қауіпсіз әрі жайлы болатынын көрсетіп келеді. Себебі, жолдың күтіміне ерекше мән беріледі және қызмет көрсету сапасы да жақсарады.
Қазақстанда алғашқы болып ақылы жүйе «Нұр-Сұлтан – Щучинск» автожолында енгізілді. Осы 7 жылдан астам уақыт ішінде бірінші санаттағы магистраль жиналған қаржы есебінен күтіліп, жолдың бойында қызмет көрсетудің сапасы жыл сайын жақсаруда. Нәтижелі тәжірибеден кейін елімізде 2019 жылы «Нұр-Сұлтан-Теміртау», «Алматы-Қапшағай» және «Алматы-Қорғас» ақылы учаскелері іске қосылды.
Ақылы жолдарды пайдалану тәжірибесінің табысты іске асқанына байланысты 2019-жылы инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Соған сәйкес алдағы 4 жылда республикалық маңызы бар 11 мың шақырым жолда ақылы жүйе енгізу жоспарланып отыр.
Ақылы жүйені енгізу жолдарда жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін және жайлылығын қамтамасыз етуге, жол апатын азайтуға, жол инфрақұрылымының дамуына ықпал ететін болады.
Барлық төлем жүйесі енгізілген автожол учаскелерінде міндетті түрде жарықтандыру, үй жануарларының жолға шығып кетпеуі үшін қоршаулар, сондай-ақ, түнгі уақытта жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы белгілер мен катафоттар орнатылады. Ал мониторинг жүргізудің заманауи смарт-жүйесі жолдағы көліктердің легі мен көліктердің жылдамдығын бақылайды.
Сонымен қатар, арнайы байланыс орталығы жұмыс істейді. Жүргізушілер тәулік бойы 1403 call-орталығына тегін қоңырау шалып, ақылы автожолдарға қатысты сұрақтарына жауап ала алады.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ақылы учаскелерде тәулік бойы патрульдеу жүргізіледі: жол қызметтері жолдың жай-күйін тексереді, жол жиегін тазалауды жүзеге асырады және төтенше жағдай кезінде жедел көмек көрсетеді.
Ақылы жолдарды енгізу – жол бойындағы инфрақұрылымды: демалыс орындары және көлік тұрақтарын, қонақ үйлер, супермаркеттер, дәретханалар, дәріханалар және т. б. дамытуды да қамтиды.
Мысалы, «Нұр-Сұлтан – Щучинск» тас жолында – 37, «Нұр-Сұлтан-Теміртау» учаскесінде – 11, «Алматы-Қорғас» – 6, «Алматы-Қапшағай» тас жолында – 5 жол бойында қызмет көрсету нысандары бар. Сонымен қатар, ақылы учаскелердің бойында жылы дәретханалар, кафелер мен дүкендер орналасқан модульдік павильондар орнатылған. Аталмыш нысандар кәсіпкерлерге жалға беріліп, жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етуде.
Жақында «ҚазАвтожол» ҰК» АҚ 2024 жылдың соңына дейін барлық республикалық маңызы бар автожолдарда 134 заманауи кешен салу бойынша «GasEnergy», «ҚазТрансГаз», «Compass», «Sinooil», «PetroRetail» және «М-36» ірі жаран-жағармай құю станция желілерімен келісімге қол қойды. Жол бойындағы жаңа кешендерде қонақ үйлер, фуд-корттар, супермаркеттер, душ кабиналары, сондай-ақ электромобильдерді зарядтауға арналған станциялар орналасады.
Айта кетсек, жаңа жолдарда төлем қабылдаудың «ашық» жүйесі енгізілетін болады. Бұл ақылы учаскелерде шлагбаумдардың болмауын көздейді. Яғни, көліктердің мемлекеттік нөмірлерін тіркеу, жүріп өткен жол үшін ақы алу бақылау аркаларына бекітілген арнайы камералар мен жабдықтардың көмегімен жүзеге асатын болады.
Жол ақысын төлеу үшін автокөліктің мемлекеттік нөмірі бойынша шотты толтырудың 20-дан астам түрі қарастырылған.
Жеңіл автокөлік үшін ІІ-ІІІ техникалық санаттағы жолдармен жүру тегін болады. І санаттағы автожолдарға іргелес аудандардың тұрғындарына жылдық абонемент бойынша жеңілдікпен жол жүру ұсынылады. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы мен оған теңестірілген (ауған соғысы және т.б.) ардагерлерді, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды ақылы жол үшін ақы төлеуден босату жоспарланған.
Жүргізушілер үшін ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы QAJ Mobile мобильді қосымшасын әзірледі. Оның көмегімен жүргізушілер өз теңгеріміндегі қаржыны, қызықтырған сұрақтарын қоя алады. Сонымен қатар, қосымшада А нүктесінен Б нүктесіне дейін маршрутты құру (қашықтық және құны), барлық жол бойындағы қызмет көрсететін нысандарды интерактивті картада көрсету және PUSH-хабарлама сияқты функцияларды қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
@DIDARBEK.KZ