Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОЗЫҚ ҮЛГІДЕГІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ОЗЫҚ ҮЛГІДЕГІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Бәйдібек ауданының  әкімі Ержігіт Шәріпбеков Жамбыл ауылына іс-сапармен барып, «Бақыт-Ислам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы Нұржан Тынысбаевпен кездесіп, құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілген заманауи озық үлгідегі жылыжай кешенінің жұмысымен танысты.
Жамбыл ауылының тұрғыны «Бақыт-Ислам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы Тынысбаев Нұржанға елді мекен шегінен жылыжай салу мақсатында 5 гектар жер берілген. Соның 3 гектарына жылыжай салу үшін ауыл шаруашылығын қолдау қорынан 750 млн. теңге несие алып, 2019 жылы құрылыс жұмыстарын бастаған. Өткен жылдың аяғында құрылыс жұмыстары аяқталып, жылыжай кешені іске қосылып отыр. Осы жылдың 28 қаңтар күні 3 гектардың 1,5 гектарына арнайы ыдысқа отырғызылған 35 мың түп қияр егілген. Жылыжай басшысы Нұржан Тынысбаев қаңтар айының 28-не егілген қиярлар ақпан айының соңында үзуге дайын болатынын жеткізді.
Жылыжай кешенінде әзірге Жамбыл ауылының 15 азаматы жұмыспен қамтылған. Олар егілген қиярларды күтіп-баптаумен айналысады.
Жылына төрт рет өнім алуды жоспарлап отырған кәсіпкер Нұржан Тынысбаев 3 гектар жердегі заманауи озық үлгідегі жылыжай кешеніні толық іске қосылғаннан кейін ауданның 50-ге жуық адамын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етпек. Сонымен қатар бұл жылыжайға жұмыс істеуге көрші ауылдан келетін азаматтарды да арнайы көлікпен тасымалдау жоспарлануда екен.
Сондай-ақ кәсіпкер аудан басшысына қосымша ауданның басқа да елді мекендерінен жер алып, осы кәсіпті дамытып, жылыжай кешенін ұлғайту жөніндегі жоспарларымен бөлісті.
Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков жеке кәсіпкер Нұржан Тынысбаевтың жоспарына барынша қолдау білдіретінін айтып, тиісті сала бойынша орынбасары мен бөлім басшылары және ауыл әкіміне құжаттарына көмек беру жөнінде тапсырма берді.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу