Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БЕРЕКЕЛІ ІСТЕР БАРШЫЛЫҚ

БЕРЕКЕЛІ ІСТЕР БАРШЫЛЫҚ

Өткен жылы елімізде жарияланған төтенше жағдай мен карантин салдарына қарамастан, Бәйдібек ауданында да барлық бағыттар бойынша ауданды дамыту қорытындысы оң өзгерістерге толы болды.  16 миллиард теңгені құраған аудан бюджетінің кіріс бөлігі 100,3 пайызға орындалып, шығыс бөлігі 100 пайызға игерілді. Бюджеттік мекемелерде еңбек ақы мен коммуналдық төлемдерге қарыз жоқ. Бұл мәліметтер аудан әкімінің қорытынды есебінде айтылды. Мұндай ілкімді істер аймақтың одан сайын дамуына оң әсерін беруде. Бұл туралы Оңтүстік телеарнасына сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ хабарлайды.

Жалпы өңірлік өнім, инвестиция 2020 жылы ауданда 44,2 млрд. теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, 2019 жылмен салыстырғанда 2,0 млрд. теңгеге артып отыр.  2020 жылы ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 26,8 млрд. теңге болып, 2019 жылмен салыстырғанда 105 пайызды құрады.

Е.Шәріпбеков: Бәйдібек ауданының әкімі:Аудандық бюджет есебінен өткен жылы жалпы 916,2 млн. теңгенің құрылыс монтаж жұмыстары жүргізіліп,   52 елді мекеннің 41-не орталықтандырылған ауыз су құбырлары жүргізілген. Ендігі меже   2025 жылға дейін аудандағы елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету үлесін 92,3%-ға жеткізу көзделіп отыр.

Жиын барысында сан алуан сұрақтар қойылып,   ұсыныс – пікірлер айтылды.  Оған аудан басшысы мен сала мамандары тиісінше жауап берді.

Бәйдібек ауданында бүгінгі таңда 13 мыңнан астам жастар бар. Аудан басшылығы тарапынан оларға  өте көп көңіл бөлінген.  Өйткені, олар қай істе де батыл әрі бастамашыл.

Жалпы, бүгінде Бәйдібекте берекелі істер баршылық. Ал қордаланған мәслелер бойынша да әлеуметтік карта әзірленген.

@DIDARBEK.KZ

 

 

Пікір жазу