Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ШЫМКЕНТТЕ ТҰҢҒЫШ РЕТ

ШЫМКЕНТТЕ ТҰҢҒЫШ РЕТ

Айта кетейік, еліміздегі кредиттік серіктестіктердің даму тарихы сонау 2001 жылдан бастау алады. Кредиттік серіктестік институты құрылғалы бері, 16 жыл ішінде олардың саны 187-ге жетті. Алғаш құрылған кезде қатысушылардың саны 800-ден аспаған болса, қазіргі таңда кредиттік серіктестік қатысушыларының саны 15 600-ді құрап отыр. Осы уақытқа дейін несие серіктестіктері арқылы шаруаларға 241 миллиард теңгенің 40 мыңнан астам займы берілген.

Форум аясында «Кредиттік серіктестіктердің даму стратегиясы: қаржы институты ретінде кредиттік кооперацияның болашағы», сондай-ақ кредиттік серіктестіктер үшін сервистер мен қызметтер жайы талқыланды. Несиелік серіктестік өкілдері әсіресе Ресей және Литвадағы кредиттік кооперация институттарының даму тәжірибесіне қызығушылық танытты.

Форум аясында «АӨК кредиттік серіктестіктер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі мен Литваның кредиттік одақтар қауымдастығы арасында ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды. Яғни, көрші елдердің кооперативтік бауырластығы сөз жүзінде емес, іс жүзінде іске асып отыр. Форум соңында үздік кредиттік серіктестік өкілдері арнайы дипломдармен марапатталды.

Өз тілшімізден

Пікір жазу