Жастарды кітап оқуға тарту арқылы кітапханаларға қолдау көрсету — білім сапасын нығайтуға, рухани бай ұрпақ қалыптастыруға зор ықпал етпек. Осы мақсатта мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен қолға алынған «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы Түлкібас ауданында өз жалғасын тапты.
Бүгін аудан әкімі Нұрлан Байғұт Азаттық елді мекеніндегі А.Науаи мектебіне арнайы барып, Абай Құнанбайұлының, Мекемтас Мырзахметұлының және т.б қазақ халқының бір туар азаматтарының және Ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың өлеңдер жинағы мен ауданымыздың 90 жылдық мерейтойына орай жарық көрген кітаптарын мектеп кітапханасына сыйға тартты.
Тағылымы мол шараға ауданымыздың мақтанышы, өткен жылы облысымыздың «Үздік жазушы» номинациясының иегері, апта басында ғана облыс орталығында «Кедей қызы» атты жаңа туындындысының тысауы кесілген Абылайхан Есімбай және әр жылдары бітірген мектеп түлектері де қатысып, акцияға ат салысты.
Шараға арнай келген жерлесіміз Абылайхан Есімбайды аудан басшысы жаңа туындысымен құттықтап, естелік сыйлық табыс етті.
Шара соңында қазақ тілі, әдебиет пәнінен облыстық және республикалық байқаулар мен олимпиадалардың жүлдегері мектептің 11 сынып оқушысы Тоймұратова Ақида қазақ поэзиясының біртуар тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін жиналған қауымға паш етті.
Бүгінгі таңда ауданда 1-аудандық орталық кітапханасы, 1-аудандық балалар кітапханасы және ауылдық округ, кенттерде 25 балалар шағын кітапханалары оқырмандар үшін қызмет атқарады(жалпы 27-кітапхана). Оларда 450 мыңға жуық түрлі жанрдағы кітап қоры бар. Одан бөлек 60 білім ошақтарында 51 кітапхана мен 9 кітап бұрыштары оқушыларға қызмет етеді.
Бүгінгі таңда аталмыш акция ауданымыздың барлық елді мекендерінде жалғасын табуды.
@DIDARBEK.KZ