Түркістан облысы, Төлеби ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатында «Көктемгі су тасқынының қауіпі туындағанда халықты және үй жануарларын эвакуациялау бойынша» арнайы-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Шараға аудан әкімі Төлеген Телғараев, аудандық маслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров, азаматтық қорғау қызметтері және БАҚ өкілдері қатысты.
Жалпы оқу-жаттығуға 127 адам, 47 техника, 27 құрылым жұмылдырылған.
Әзірленген сценарий бойынша алдымен ауданның құлақтандыру жүйесі қосылып, арнайы автокөліктердің дауыс зорайтқыштары арқылы тұрғындарды құлақтандыру жүргізілді. Содан соң адамдарды, үй жануарларын және материалдық құндылықтарды құтқару жұмыстары жүргізіліп, эвакуациялық жинау пунктіне көшіру жасалды.
Бүгінгі таңда су тасқынының алдын алу және жою мақсатында Ленгір қаласында ұзындығы 2 шақырым болатын қашыртқы каналды механикалық тазалау жүргізіліп жатыр.
Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғау қызметтерінің және де басқа мекемелердің күштері мен құралдарының саптық байқауы өтті. Бұдан бөлек, Леңгір қаласындағы №3 жалпы орта мектебінде жергілікті халықты, олардың тұрмыстық мүліктерін және үй жануарларын эвакуациялау іс-шаралары пысықталды.
Сонымен қатар Ленгір қаласындағы №8 колледжінде зардап шеккен жергілікті халықты, тұрмыстық мүліктерді орналастыру, азық-түлікпен және ыстық тамақпен қамтамасыз ету іс-шаралары жасалды. Сондай-ақ, азаматтық қорғау қызметтерінің 14 маманы жұмылдырылған аудандағы дағдарыс орталығы жұмысын көрсетіп өтті. Іс-шаралар соңында аудан әкімі Төлеген Телғараевтың қатысуымен өткен жиында оқу-жаттығу жан-жақты талданып қорытындыланды.
@DIDARBEK.KZ