Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ТАҒЗЫМ

АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ТАҒЗЫМ

Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 32 жыл толды. Қазақстаннан бұл майданға 22 269 адам аттанған. Олардың 350-і Сайрам ауданынан аттанып, 7 адам ауған жерінде қаза тапқан. Міне, от пен оқ ортасында жүріп, қатарластарын қара жерге тапсырған 171 жауынгеріміз бүгінде елге сыйлы ардагерлер.
Мағжан Жұмабаев айтқан «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» сарбаздар соғыстың қатеріне бел буып, жанқиярлық ерліктің ерен үлгісін көрсете білді. Бұл туралы DIDARBEK.KZ хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы орайда, бүгін Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалы, аудандық ішкі саясат және қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің қызметкерлері, аудандық орталық мешіттің наиб имамы, ауған соғысы ардагерлері, этнос өкілдерінің қатысуымен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің алаңында іс-шара болып өтті.
Іс-шара барысында ардагерлерімізді аудан әкімі Ұласбек Сәдібекұлының Алғыс хаттарымен марапаттап, ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан батырларымызға арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу