Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КАРАНТИН: ТОЙҒА КЕЛУШІЛЕРДІ ТАРҚАТТЫ

КАРАНТИН: ТОЙҒА КЕЛУШІЛЕРДІ ТАРҚАТТЫ

Түркістан облысының полицейлері кезекті «Қыз ұзату» тойына келушілерді тарқатты.
Сарыағаш АПБ-ның қызметкерлері карантин режимін және шектеу шараларын сақтау мақсатында тұрақты түрде іс-шаралар ұйымдастыруда. Осындай кезекті арнайы құрылған топпен бірге профилактикалық жұмыстар жүргізу барысында, Сарыағаш қаласының көшелерінің бірінде орналасқан тойханада «Қыз ұзату» тойы өтіп жатқаны анықталған. Аталған тойға шамамен 100-ге жуық қонақ жиналған. Тойдың үстінен түскен тәртіп сақшылары аталмыш тойға келушілерге карантин режимін түсіндірді. Сонымен қатар оны тоқтатып, қонақтарды үй-үйлеріне тарқатты.
Көпшіліктің басын қосып, өмірлеріне қатер төндірген той жасаушы азаматқа және тойхананы жалға алып жұмыс істетушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» бойынша Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында көрсетілген карантин режимін және шектеу шараларын сақтамағаны үшін, жинақталған құжаттар Сарыағаш аудандық СЭББ-на жолданды.
Осы тұста естеріңізге сала кеткесек: Карантин режимі әлі де жалғасуда. Сондықтан мейілінше үйден шықпай, адам көп шоғырланған аймақтарға барудан бас тартыңыздар. Қолдарыңызды жиі жуып, медициналық бетперде тағып жүруге кеңес береміз. Өз өміріңіз — өз қолыңызда!
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу