Шымкентте «Ресей Федерациясы трансплантологиясындағы актуальды сұрақтар мен Шымкенттегі жедел қызметтің дамуы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясы өтуде. Конференцияның алғашқы күнінде Ресейден келген медицина мамандары, №1 қалалық клиникалық ауруханасы мен ОҚМА аясында ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қойылды.
Конференцияға арнайы қатысқан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысушыларға сәттілік тілеп, конференцияның маңыздылығын атап өтті.
Ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қою Ресей Федерациясы мен Қазақстанның ғалымдары мен жұмыс істейтін дәрігерлеріне тәжірибе алмасуға, әріптестерін трансплантология саласындағы жетістіктермен таныстыруға, шеберлік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Ең бастысы қаладағы жедел медициналық көмек көрсететін мамандар Мәскеу қаласындағы Н.В.Склифосовский атындағы жедел жәрдем ғылыми-зерттеу институтында біліктілігін арттыратын болады.
Ресейлік мамандардың Шымкенттегі сапар барысында күрделі ота жасау бойынша жергілікті дәрігерлерге шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.
© Didarbek.kz