Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСҚА ЖОЛ ЖОҚ!

ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданы Төле би көшесі №12 мекенжайда орналасқан қойма нысандары толығымен бұзылды.
Меншік иесі қала құрылысы құжаттамасын әзiрлеудiң, келісудің, сараптамадан өткізудің және бекiтудiң белгiленген тәртiбiн сақтамаған. Онымен қоса құрылысқа техникалық және авторлық қадағалауларды қатар жүргiзбей, белгіленген тәртіппен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарды хабардар етпеген. ҚР Азаматтық кодексінің 244-бабына сәйкес құрылыс нысаны құрылысты жүзеге асырған тұлғаға тиесілі емес жер учаскесінде салынған.
Ал, ҚР Заңнамалары бойынша қажетті рұқсат алынбай салынған тұрғын үй, басқа да құрылыс, ғимарат немесе өзге де жылжымайтын мүлік өз бетінше салынған құрылыс болып табылады.
Өз бетiмен құрылыс салуды жүзеге асырған адам оған меншiк құқығын алмайды. Оның құрылысқа билiк етуге, сатуға, сыйға тартуға, жалға беруге, басқа да мәмiлелер жасауға — құқығы жоқ.
Осы орайда, қала тұрғындарын құрылыс — монтаж жұмыстарын бастар алдында заң талаптарын сақтауға шақырамыз.

Пікір жазу