Шымкент – республикалық маңызы бар қала деп танылғанына 3 жылға жуықтады. Осы уақыт аралығында көрші елден 1275 отбасы қоныс аударып, 1999 азамат қандас мәртебесін алып отыр. Бұл жөнінде жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәлімдесіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Қалаға жыл басынан бері көшіп келген 227 отбасындағы 300-ден азаматқа қандас мәртебесі берілді. Елге оралғандардың басым көпшілігі көрші Өзбекстан Республикасынан қоныс аударған.
Шаһарға қоныс аударғандардың 3 пайызы алыс шетелдерден келсе, 0,6 пайызы Ресей мен Қытай келіп отыр.
Алыс — жақын шетелден көшіп келген қандастар қалада 11 жылдан бері қызмет көрсетіп келе жатқан оралманды бейімдеу және ықпалдастыру орталығына орналасады.
Арнайы орталықта жарты жыл заңнамаға сай бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін алады. Қазіргі таңда, орталықта 12 отбасы елге бейімделуде. Олар дәнекер, массаж, компьютерлік графика, шаштараз, есепші, кондитер, тігінші, сантехник, электрик, жиһаз жинаушы мамандықтарына машықтанып, кәсіп үйреніп отыр.