Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » КӨМЕГІН ТИГІЗУДЕ

КӨМЕГІН ТИГІЗУДЕ

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 2021 жылды құқық бұзушылықтардың алдын алу және “қадамдық қолжетімділіктегі полиция” қағидатын жүзеге асыру жылы деп жариялады.
Соған орай, Шымкентте қабылданып жатқан жедел алдын алу шаралары қоғамдық орындарда жасалған қылмыстарды төмендетуге ықпал етуде. Мәселен, Жедел басқару ортылығы бейнебақылау тобының инспектоларымен 1-7 наурыз аралығында сыртқы бейнекамералары арқылы 5 қылмыс ашылды. Олар: ұрлық – 2, бұзақылық – 2, басқада –1. Бейнебақылау камералары заң бұзушылықтың алдын алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізуде. Ал “102” арнасына әртүрлі сипаттағы 6340 қоңырау шалынды. Оның 2 757-і тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 931 жайт анықталып, хаттамалар толтырылды. Оның ішінде: ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Қоғамдық орындарда қоқыс тастау) бойынша – 15 жайт; ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Қоғамдық орындарда мас халде жүру) бойынша – 30; ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы (Қоғамдық орындарда қайыршылық жасау) бойынша – 21, жол ережесін бұзғандар – 738 , одан басқа да 127 жайт анықталды, — дейді Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Пікір жазу