Гүлнәр Исабаева — жоғары санатты дәрігер инфекция маманы. Білікті маман қазіргі таңда, қаладағы «Асар» шағынауданындағы инфекциялық госпитальде қабылдау бөлімінің меңгерушісі. Ол 28 жылдан бері денсаулық сақтау саласында еңбек етіп келеді. Алғаш еңбек жолын қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан бастаған.
Қалада эпидемиялогиялық жағдай өршіген тұста Гүлнәр Қарсыбайқызы инфекциялық госпитальде науқастарды тәулік бойы қабылдап, медициналық көмек көрсеткен. Тіпті жұмысқа қажеттілікке байланысты дәрігер ауруханада апталап түнелеп, өзіне жүктелген міндетті жауапкершілікпен атқарды.
Гүлнәр Қарсыбайқызы әлі күнге дейін коронавирус инфекциясына шалдықан науқастарға медициналық көмек көрсетіп келеді. Жағдай тұрақтағанымен медицина маманы әлі босаңсуға болмайды дейді.
–Қабылдауымда болған әр науқастың ауру тарихы мен үшін өте маңызды. Індет өршіген тұста науқастардың бойында көбіне үрей мен қорқыныш болды. Біз оларға медициналық көмек көрсетумен қатар, психологиялық көмек те көрсеттік. Науқастарды емдеу үшін тәулік бойы еңбек еттік,-дейді дәрігер.
Г. Исабаева инфекциялық ауруға шалдыққан науқастардың алғысына бөленген абзал жандардың бірі. Тынымсыз еңбегінің арқасында бірқатар мемлекеттік марапатқа ие болған.