Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ҚЫЗУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ҚЫЗУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкентте екі нысанның жол құрылыс жұмыстары қызу жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов фейсбук әлеуметтік желісінде жазды.
«Жол құрылыс саласында қысы-жазы тоқтаусыз қызу жұмыстар жүріп жатыр. Қазіргі ең үлкен маңызды жобалардың бірі – Рысқұлов-Қонаев қиылысындағы жолайрық. Тоқтаусыз жұмыс нәтижесінде бүгінге дейін 1,92 км су, 1,82 км газ құбырларының, 1,2 км электр және 6 км байланыс сымдарының орны ауыстырылған. Сондай-ақ 350 м тоннел қазылып, 220 м тіреу қабырғалары құйылып, 7 дана бағана орнатылып, 106 дана қада құйылған. Жоспарланған меже бойынша, Қонаев даңғылын 1 қыркүйекке дейін, ал Рысқұлов көшесін көпірдің құрылысымен бірге 1 қарашаға дейін ашуымыз керек», — деді М. Исахов.
Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары шаһардағы ауқымды жобалардың бірі — Қонаев даңғылы жалғасының 3 кезеңі туралы баяндап өтті.
«Бүгінгі таңда, 700 м екі бағытты айналма темір жолын, 948 м кәріз құбырын салу, 3,4 шқ. кабель желілері, 24 темір жол электр бағаналарын және 2 дана жерасты жаяу жүргіншілер өткелін орнату жұмыстары орындалды. Дәл қазір уақытша айналма темір жолының 2 бағыты негізгі магистралды темір жолға қосылып, Темір жол көпірінің қадаларын құю жұмыстары қызу жүргізілуде», — деді Мақсұт Пернебайұлы.

Пікір жазу