Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » МӘДЕНИ ПИКНИК ӨТЕДІ

МӘДЕНИ ПИКНИК ӨТЕДІ

Шымкент қаласында Наурыз мерекесіне орай «QYZYQTY PARK» атты мәдени пикник өтеді, деп жазады қалалық ақпараттық — коммуникациялық орталыққа сілтеме жасаған «smaerttop.kz» ақпараттық агенттігі.
Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесіне орай Шымкент тұрғындары үшін қаланың Орталық саябағында арнайы «QYZYQTY PARK» атты мәдени пикник ұйымдастырылуда.
20-23 наурыз аралығында өтетін іс-шара бағдарламасына сәйкес, ойын  -сауық, зияткерлік спорт аймақтары және отбасы мүшелері үшін түрлі ойын түрлері қамтылған.
Ал, балалар үшін саздан мүсін жасау, сурет салу, қыштан қолөнер бұйымдарын жасау бағытында түрлі шеберлік сыныптары өткізілмек. Сондай-ақ, пикник қонақтары күні бойы ауқымды музыкалық бағдарламаны тыңдап, рухани демалуына мүмкіндік бар.
Саябақ аумағында көптеген интерактивті өнер қондырғылары мен жайлы демалыс орындары қамтамасыз етіледі. Пикник таңертеңгі сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жалғасады.
Ескерте кетейік,аталған шарада тұрғындар әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, санитарлық қауіпсіздіктің барлық талаптарын қатаң ұстануы тиіс.

Пікір жазу