Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ТУРИСТІК АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ТУРИСТІК АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Ресми ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов орталықта қалаға келген шетелдік қонақтарға көрікті жерлер, мәдени шаралар мен қонақ үйлер туралы «бір терезе» қағидаты бойынша мәлімет беру қызметімен танысты.
–Орталықтың басты міндеті туристік мекемелердің басын біріктіріп, туристерге жоғары дәрежеде сервистік қызмет көрсетуге ықпал ету. Қалаға келген қонақтар келесі жылы тағы келу үшін ұсынылатын қызмет түрлерін әрмен қарай дамыту қажет,-деді қала әкімі.
Туристік ақпараттық орталық тәулігіне 200-250 турист қабылдауға қауқарлы. Орталықта тәулік бойы «Call-centre» жұмыс істейді. Қала тұрғындары мен қонақтарына мегаполистің туристік әлеуеті туралы кәсіби кеңес беріліп, құқықтық және визалық көмек көрсетілетін болады. Қалаға келуші қонақтар үшін қыдыру турлары ұсынылып, алдын ала брондау қызметі берілмек.
Shymkent Tourism Center туристік ақпараттық орталығының басшысы Айдаралы Раманов туристерге мобильді байланыс операторының SIM-картасын бейімдеуде көмек көрсету қызметінің де атқарылатынын атап өтті. Қазір қаламызда ақпараттық-туристік дүңгіршектер ашу мәселесі қарастырылуда.
–Қазірдің өзінде visit-shymkent.kz ресми сайты үш тілде жұмыс істейді. Сайтта қаламыздың танымал көрнекі орындары, ұлттық мәзір дайындайтын мейрамханалары және ақпараттар тізбегі жарияланады. Ақпараттық орталықта кеңес беру, кәдесый, сөйлесу, түрлі шаралар өткізудің интерактивті аймақтары қамтамасыз етілген, — деді орталық басшысы.
Туристік-ақпараттық орталығына ашылғаннан бастап 522 қоңырау келіп түскен. Қазіргі таңда 700-ге жуық туристке қызмет көрсетілген, оның ішінде 65-і шет елдің азаматы.
Орталықтың байланыс телефондары: +7701 102 1717. +7702 109 17 17

Пікір жазу