Шымкент қаласында дәстүрлі «Тілдарын» байқауы өтті. Осымен жетінші рет ұйымдастырылып отырған білім бәйгесінде үш тілде сайысқа түсті. Бұл туралы қалалық «Шымкент келбеті» газетіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Жан — жақтылық пен терең білімді талап ететін байқауға қатысуға жас студенттердің ықыласы өте жоғары.
Студент жастар үш тілде отбасы туралы әңгімелеп, сүйікті шығармаларынан үзінді оқып, мақалдарды, тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын талдап берді.
Осылай аталған қалалық конкурс осымен жетінші рет өткізілді. Үміткерлер конкурсқа келер алдын «Шымкент — сүйікті қалам» тақырыбында эссе жазды. Байқауға қатысқан қырық үміткердің ішінен 13 қатысушы іріктеліп, бүгінгі кезеңде 8-і жүлделі орындар иемденді.
Республикалық тіл білімі конкурсына М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық институтының студенті Аяжан Нұрмаханқызы жолдама алды. Бас бәйге Аяжанның еншісіне тиді.
Тілдерді оқыту — әдістемелік орталығының ұйытқы болуымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы тағы бір шараны жоғары деңгейде өткізілді.