ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Шымкент қаласындағы Стратегиялық сессиясының басты тақырыптары – азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесу, этносаралық және конфессияаралық келісім, жастар және отбасы, сондай-ақ БАҚ салаларын дамыту
Сессия барысында Қазақстан жастарын қолдау шараларының 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарын іске асыру, мемлекеттік жастар саятсатын жүзеге асыру жөніндегі заң жобасын әзірлеу, «Жастардың даму индексін» әзірлеу және енгізу, сондай-ақ, «Тәуелсіздік ұрпақтары» ұлттық жобасын әзірлеу мәселелері талықланды.
Жиында телерадио хабарларын тарату инфрақұрылымын пайдалану бөлігіндегі дінтану сараптамасын жүргізу, этносаралық қатынастарды дамыту бойынша әдістемелік қамтамасыз ету, жергілікті мемлекеттік органдардың ақпаратына қол жеткізу, волонтерлік туралы заң жобасын әзірлеу, салалық журналистиканы дамыту және басқа да өзекті сұрақтар көтерілді.
Естеріңізге сала кетейік, өңірлердегі АҚДМ күндерінің негізгі міндеті – өзекті мәселелер мен міндеттерді талқылау және түсіндіру, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен өңірлік жұртшылық өкілдерінің сындарлы диалогын құру, министрлік жетекшілік ететін бағыттар бойынша стратегиялық жұмыста жергілікті ерекшеліктерді ескеру.
Ведомство қызметкерлері Шымкент қаласының жұртшылығын толғандыратын бірқатар өзекті сұрақтарға жауап берді.
Іс-шара барысында айтылған барлық ұсыныстар одан әрі жұмысты орталық, сондай-ақ өңірлік және жергілікті деңгейлерде жетілдіру кезінде ескерілетін болады.
Ел өңірлеріндегі «Министрлік күндері» Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың бір бөлігі болып табылады.