19 ғасырдың екінші жартысынан бастау алатын, полицияның шежірелі тарихының сүбелі бөлігін құрайтын милициядан полицияға дейін желісі үзілмей жеткен
Шымкент қаласы полиция департаменті музейінің негізі 1999 жылы қаланған. Мұнда 19 ғасырдың екінші жартысынан бастау алатын шежірелі тарихтың үлкен қоры жинақталған. 2009 жылы басшылық өкімімен музейге департаменттің бас ғимаратының 1-қабатындағы жалпы ауданы 384 шаршы метр орын берілген.
Музейдің ғылыми-зерттеу жұмыстары Түркістан облысы (ОҚО) және Қазақстанның құқық қорғау органдары тарихы бойынша публицистикалық әдебиеттер зерттеліп, жаңа жайттар, деректер, есімдер анықталды.
Сонымен, 2010 жылғы 8 мамырда Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65 жылдық мерейтойы қарсаңында жаңа стационарлы экспозицияның ашылуы болды.
Егемен еліміздің жетістіктерін, бейбіт өмір батырларын, ұлттық мәдениетіміз бен құндылықтарымызды, ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбектерін насихаттауда ұрпақ тәрбиесінде маңызды орынға ие ведомствалық музей бүгінде алыс-жақыннан келіп жататын қонақтар мен жергілікті қауымның игілігіне айналып отыр.
Бүгінгі таңда 4200 ден астам жәдігерлерден тұратын қоры бар.
Полиция тарихына арналған музейдегі артефактілер жас ұрпаққа рухани мол мұра әрі құнды естеліктер болары сөзсіз.
Фото: мұрағаттан.