Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де зор нұқсан келтіріп отыр.
Жемқорлық ірі немесе ұсақ болып бөлінбейді. Жемқорлықтың аты- жемқорлық. Ал, теориялық аспектіден қарайтын болсақ, жемқорлықтың түрлері бар. Атап айтқанда, «саяси», «экономикалық», «халықаралық» жемқорлық пен «төменгі» жемқорлық. Яғни, «элиталық» анда-санда кездессе де, ол жемқорлықтың көлемі ауқымды болады. Ал, ең қауіпті жемқорлық – күнделікті тұрмыста кездесетін «төменгі» жемқорлық болып табылады. Олар, оқу орындарында, бала-бақшада, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету саласында кездеседі. Елдің экономикасын артқа тартатын, бәсекелестікке кері әсер ететін жемқорлық – «төменгі» жемқорлық. Сондықтан, жаңа құрылған агентіктің бірден-бір мақсаты – халық арасында, мектеп деңгейіндегі оқушылардың сана-сезіміне осы жемқорлық жат құбылыс екенін жеткізу болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық індет, оған қарсы күрес міндет деп айтып жүрміз. Ендеше, оның шипасы – халық арасында ағарту, насихат жұмыстарын тереңінен жүргізу. Байлықты басты құндылық деп адасып жүрген азаматтарымыздың түсінігіне төңкеріс жасау. Яғни, оның сана-сезімін, сенімін, ішкі жан дүниесінің тазаруына ықпал етіп, жүрегіне иман ұялату. Біздің қоғам ақниетті, адал, намысы биік азаматтарды қажет етеді. Осы тұста, соңымыздан ерген ұрпақ тәрбиесін де ұмыт қалдырмауымыз қажет.
Еңбекші ауданы бойынша МКБ — ның
«Есепке алу,талдау және ақпараттық
технологиялар бөлімінің» бас маманы
М. Абдикаримова