Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Біз бүгінде өркениетті еліміздің дамуына тұсау, кемелденуіне кедергі келтірер қоғамдық дертке айналған сыбайлас жемқорлықпен күресудеміз. «Жемқорлыққа жол жоқ» деп ұрандатып, мінберлерден ауызымызды толтырып айқанымызбен, осының түп-тамырына қалай балта шабуға болады деген сауалға жауап іздеп жүргеніміз шамалы.

Жемқорлық дертіне қалай душар болдық?! Онымен күресті қайдан, қалай бастағанымыз дұрыс?! Қазіргі көпшіліктің басты арманы – бай болу. Баю үшін ар, намысынан бас кешетіндер де біздің қоғамымызда жетерлік. Адамға ақша қызмет етпей, адам ақшаға қызмет ететін түсінік қалыптасқалы бері оның санасы уланды, дүниенің құлына айналды. Жемқорлықтың да бастауы осыдан. Осы қағиданы бұзбай қоғамдағы жемқорлықты жоя алмаймыз. Жемқорлықтың пайда болуы қоғамдағы рухани байлықтың құнсызданып, материалдық құндылықтың алдыңғы сатыға шығуының салдары. Сондықтан, біз қоғамымызда жемқорлыққа қарсы күресті – азаматтарымыздың жүрегіне рухани ізгіліктерді, құндылықтануды сіңіруден бастауымыз қажет. Рухани тұрғыдан бай адам, жемқорлықтай лас істерден жанын таза ұстайды.

Жеке тұлғаның адамгершілік санасының биіктігі оның алған тәлім-тәрбиесі, мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайтын өлшем болып табылады. Әрбір тұлғаның өзіне тән барлық адами қасиеттері рухтан нәр алады. Ал жаман, жағымсыз қасиеттер нәпсінің көрінісі. Міне, осы себепті де біз жемқорлықпен күресті рухани сананы тазартудан бастасақ, әрбір адам нәпсінің тұтқындығынан босап, елі мен жеріне адал қызмет етер азаматқа айналар еді.

Еңбекші ауданы бойынша МКБ — ның

бас маманы А.Казанкапова

 

Пікір жазу