Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » ҚОҒАМ АЛДЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

ҚОҒАМ АЛДЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтің Сайлауалды бағдарламасында: «Біз жемқорлықтың түп-тамыры жойылғанша күресеміз. Мемлекет пен азаматтардың күшін біріктіреміз. Тек қана жазалау шаралары жеткіліксіз. Жемқорлықтың кез-келген түріне мүлдем төзбеушілік таныту маңызды» деп айтып өткен болатын.

Сыбайлас жемқорлық – бұл, біріншіден мемлекетке үлкен қаржылық нұқсан келтіреді, екіншіден, мемлекеттік биліктің беделіне залал келтіреді, үшіншіден, қоғам мен мемлекет билігінің өкілеттіктерін моральдік тұрғысынан құлдыратады.

Тұңғыш президентіміз Н.Назарбаев: «Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес», — деп жемқорлықтың аса қауіпті індет екенін айтады.

Ия, бұл індет. Ал індетке қарсы ем болу керек, анығында иммунитет күшті болу керек. Соңғы жиырма жылдың ішінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты жазалаулар әкімшілік деңгейден қылмыстың ең ауыр түріне дейін теңестірілді. Заң қатал. Соған сәйкес жемқорлықтың алдына да біршама тосқауыл бола алды. Бірақ, індетті түп тамырымен жою мүмкін болмай отыр.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында барлық мемлекеттік мекемелерде қарқынды жұмыс жоспары жасалып, бұл індеттің таралмауына тосқауыл болып келеді. Бұл бағытта Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы да мемлекеттің сарабдал саясатына өз үлесін қосуда.

Жемқорлық фактілері көбінесе мемлекеттік қызмет салаларында тіркелгендіктен, қазір мемлекеттік органдардағы процестерді, оның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын сандық жүйеге көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әлем елдері бұл індетпен күресу үшін бірінде жаза күшейтіліп, бірінде жалақы көлемін артырып, мемлекеттік қызметкерлер санын азайтып жатыр. Тіпті, көрші Қытай елі жемқорлыққа қатысы барларды өлім жазасына кесуді қолға алған. Осылайша, жемқорлықпен күрес бүкіл әлемнің алдындағы басты міндеттің бірі болып отыр.

ХХI ғасыр сыбайлас жемқорлықты экономика аясында мемлекеттік құрылымдардың қылмыстық құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы – деп түсіндіреді. Қай кезде де бұл індет бар, әлі де бола береді. Жемқорлықпен күрес тек құқық қорғау саласының міндеті емес, барша қоғамның міндеті.

 

Р.АСЕМБЕКОВА,

Әл-Фараби ауданы бойынша МКБ

Құқықтық және ұйымдастыру жұмысы бөлімі.

 

 

Пікір жазу