Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ЖОЛЫНА ТОСҚАУЫЛ ҚАЖЕТ

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ЖОЛЫНА ТОСҚАУЫЛ ҚАЖЕТ

Сыбайлас жемқорлық – бұл тек өз мүддесінде мемлекеттік функцияларды пайдалану, олар, әдетте, қоғамның, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мүдделеріне қайшы келеді. Ең бастысы – мемлекеттік қызмет көрсету сапасының төмендеуі, криминалды құрылымдар позициясының күшеюі, халықаралық лаңкестік және экстремизм секілді сыбайлас жемқорлықтың даусыз теріс салдарының орын алуы.

Сыбайлас жемқорлық ұғымын осы қылмыстың бір түрі ғана болып табылатын кәдімгі пара алу деп түсіну қате болар еді.

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық дегеніміз – бұл заңдарды айналып өту арқылы өз мүддесін де материалдық және заңдық артықшылықтарды алу, «өзінің» адамдары есебінен жеке мәселелерін шешу.

Сыбайлас жемқорлық дүние жүзінің барлық елдерінде теріс құбылыс ретінде таныс. Нағыз экономикалық гүлденуге сыбайлас жемқорлық құбылыстарын азайтқан мемлекеттер ғана қол жеткізетіні де белгілі. Себебі, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық салаларына: экономика, әлеуметтік сала, саясатқа әсерін тигізеді, ал осы құбылыстан туындайтын оның теріс салдары қоғамның ілгері әрі қарқынды дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне нақты қауіп төндіреді.

Шымкент қаласы №76 ЖОББМ-нде оқу жылы барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында түрлі шаралар қолға алынып, өткізілуде.

 

Шымкент қаласы, №76 ЖОББМ мұғалімі К.С.Бөрібек

Пікір жазу