Оқу жылында сынып жетекшілері оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адалдық сабақтарын» өткізуді дәстүрге айналдырған.
Лицей ғимаратында кез-келген сұрақпен келушілерге ашық «OPEN SPASE» кабинеті мен шағым жәшігі, сенім телефонының жұмысы да бір жүйеге қойылған.
Мектеп қабырғаларында жемқорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық платкаттар көрнекі жерге ілінген.
Лицейге қызметкерлерді HR-PROCESS – бос жұмыс орын бағдарламасы, электрондық еңбек биржасы — Шымкент қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы арқылы қабылдайды.
Осылайша, қоғамда жегі құрт аталып кеткен жемқорлықпен жұдырықтай жұмыла отырып, тимді түрде қарсы тұруға болады.
