Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселерінің бірі. Бұл мақсатта қолданылып жатқан іс шаралар азаматтардың құқықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден сақтауға, құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталып отыр.
Осы орайда, Шымкент қаласы Молда Мұса атындағы №5 Жалпы білім беретін орта мектепте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау бағытында түрлі шаралар қолға алынып, өткізілуде.
Карантин кезеңіне қарамастан мектептің пегадогикалық ұжымы, анта-аналар арасында онлайн жиындар өткізу жолға қойылған.
Қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент тарапынан өткізілетін Antikor.life алаңында көтерілген мәселелер, мәліметтер ұжым арасында талқыланып отырады.
Мектепішілік қаражат жинауға қатаң түрде тыйым салынған. Мектеп ғимаратында сенім телефоны мен жәшіктері көрнекі жерге орналастырылып, ашықтық қағидасы жолға қойылған.
Мектеп ұжымы арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаты қатаң назарда болып, алдын алу шаралары үнемі қолға алынып отырады.
Ж.Сулейменова, Шымкент қаласы, Молда Мұса атындағы №5 ЖОББМ.