Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАУҒА БОЛМАЙДЫ

НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАУҒА БОЛМАЙДЫ

Бүгінгі таңда біздің елімізде сыбайлас жемқорлықтың себептерін жоюға жағдай жасалуда, сыбайлас жемқорлықты азайту бойынша алдын-алу шаралар сипатындағы кешенді түрде қабылдануда.  2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы және қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 100 нақты қадам Ұлт жоспары ретінде мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негіздерін тиімді жүйелі түрде жүзеге асыруда.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар Шымкент қаласындағы №78 жалпы білім беретін мектепте тұрақты өткізіліп тұралды.

Мектептің бастауыш сынып оқушылары арасында «Әділеттікке жаңылмайтын адам жоқ» тақырыбында сурет байқауы, жоғары сыныптар арасында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес — әрбір азаматтың міндеті» тақырыбында сынып сағаттары,  «бізідң таңдауымыз -жемқорлықсыз болашақ» акциясы, «Адал еңбекпен тапқан нан тәтті» тақырыбында қашықтықтан сынып сағаттары өткізілді. Мектеп қызметкерлері арасында «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында қашықтықтан дәріс оқулары жүргізілді.

Мектептегі «Сенім телефоны» мен «Сенім жәшігі» әр 15 күн сайын түскен арыз-шағымдар бойынша жұмыс жүргізіліп, үнемі қадағалануда.

Бұл бағыттағы жұмыстар мектебімізде үнемі жалғасатын болады.

 

Г.Аширбекова, Шымкент қаласы. 

 

Пікір жазу